Продюсер Ерке Есмахан көп еңбек еткенімен, ұзақ уақыт жолы болмай жүргенін, тіпті оның үйіне келіп, жылап назын айтқан кездері де болғанын мәлімдеді.
"Үйіме келіп жылайтын": Баян Мақсатқызы Ерке Есмахан туралы ел білмейтін жайтты айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan
42,577
оқылды

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова Ерке Есмаханмен жұмыс істеген кезді еске алып, басынан өткен жағдайды айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Продюсер Ерке Есмахан көп еңбек еткенімен, ұзақ уақыт жолы болмай жүргенін, тіпті оның үйіне келіп, жылап назын айтқан кездері де болғанын мәлімдеді. 

"Ерке Есмахан жұлдызды сәтін ұзақ күтті, көп еңбектенді. Екеуміз барымызды салдық. Бірақ сәті түспей жатты. Ол маған келіп, "Баян Мақсатқызы, сіз Жанарды, Мөлдірді, Кәмшатты жұлдыз еттіңіз. Неге менің бағым жанбай жатыр?" деп айтатын. Мен оған "Сенің уақытың келеді, күту керек, мойыма" дедім. Бұл сөздерімді өзі де растайды. Ол ерекше нәзік дауыс иесі. Мұндай дауыс тыңдарманға ұнамауы мүмкін емес. Ол үйіме келіп, жылап отыратын. "Не істейміз?" деп басымыз қатты. Бірнеше рет жолымыз болмады, соңында ол қыз эстраданы жарды. Ракета секілді ұшып кетті", – деді продюсер  Din Dina Show бағдарламасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.