Олар балық аулап жүргенде қайықпен аударылып, суға батып кеткен.
Шығыс Қазақстанда екі балықшы суға батып кетті
808
оқылды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Күршім ауданында балық аулап жүрген екі адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға Бұқтырма су қоймасындағы Торанғы шығанағында болған.

31 және 38 жастағы екі ер адам балық аулап жүргенде қайықпен аударылып, суға батып кетті. Сүңгуір-құтқарушылар іздеу жұмыстарына кірісті. Көп ұзамай балықшылардың мәйіті табылып, судан шығарылды. Оларда құтқару кеудешелері болмаған.

Осы ретте құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады. Қайыққа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешелерін кию керек.