16 және 17 жастағы қыздар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Павлодарда екі студент 4-қабаттан құлап кетті
553
оқылды

Павлодарда колледж студенттері түнде 4-қабаттан құлап кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға түнгі сағат 01.15-те болған.

– Павлодардағы колледждердің бірінде оқитын 2 студент 4-қабаттан төсек жаймасы арқылы төменге түсіп бара жатқанда құлап кетті. 16 және 17 жастағы қыздар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – делінген ресми ақпаратта.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен студенттерге медициналық көмек көрсетілгенін мәлімдеді.

– 17 жастағы қыздың миы шайқалған, бел омыртқасы созылған, бас сүйегінің жабық жарақаты мен оң жақ тізе буынының жарақатын алған. 16 жастағы қызға кеуде омыртқасының 1-дәрежелі сынуы деген диагноз қойылды. Олардың жағдайы орташа, – деп мәлімдеді олар.

Науқастарға барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр.