Елордада «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» форумы өтті.
Сакина Бабаева: Бүгінгі күн – тарихта қалатын күн
Murad Orujov
682
оқылды

Жиында Әзербайжан түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдер кеңесі делегациясының басшысы Сакина Бабаева әйелдердің қоғамдағы рөлі жайлы айтып берді.

– Бүгін «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының құрылғанына бір жыл толды. «Аманат» сөзі түркітілдес елдерді біріктіріп отырған әлем. Түркі елдерінің әйелдері бас қосып отырмыз. Осы мүмкіндікті сыйлаған Қазақстан Үкіметіне алғысым шексіз. Форумға Әзербайжандағы кәсіпкер әйелдер мен түркі палатасының әйелдер кәсіпкерлерінің атынан келіп отырмын. Бүгінгі күн – тарихта қалатын күн. Алты жыл бұрын біздің елде кәсіпкер әйелдердің платформасы болмаған еді. Қазір түркітілдес елдердің палатасы жанынан сауда-өндірістік палата жасақталған.

2017 жылы біз әйелдер кәсіпкерлерінің платформасын құру жайлы бастама көтергенбіз. Бүгінде 7 елдің жастары мен әйелдерін біріктірдік. Мемлекет пен халық, кәсіпкерлер арасында көпір салып отырмыз. Біз экономикалық бағытты да дамытып жатырмыз. Экология, институционалдық институтты біріктіре отырып, бірге қозғалуымыз керек. Біз, түркітілдес елдердің әйелдері бірлесіп жұмыс істей отырып, елдің дамуына үлес қосамыз. Әлемге бір бағытта жүрсек, барлық сала қарқынды дамымақ. Алдағы үш күн ішінде әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты маңызды мәселелер бірлесе шешіледі деп ойлаймын, – деді Сакина Бабаева.