Шығыс Қазақстан облысы Феклистовка ауылында медицина пунктінің құрылысы аяқталды.
Феклистовка тұрғындары сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік алды
217
оқылды

Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынған Феклистовка ауылында медицина пунктінің құрылысы аяқталды. 

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауданы 195,3 шаршы метр жаңа медициналық пункт салынды. Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ауыл тұрғындарын медициналық пункттің ашылуымен құттықтады.

«Мұндай маңызды әлеуметтік нысанның ашылуы Феклистовка тұрғындары үшін ерекше мереке. Елімізде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Шалғайдағы шағын ауылдарда тұрғындардың денсаулығына көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Енді Феклистовка тұрғындары сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік алды», – деді Ербол Жолдаспекұлы.

Бұл медициналық орталық ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, шалғай елді мекендердің тұрғындарын сапалы медициналық көмекке жақындату, тұрғындарды скринингтік бағдарламалармен қамту, балаларды екпемен қамту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында салынды.

Жаңа, кең, жарық ғимарат барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған. Феклистовка ауылының тұрғындары жаңа медициналық пункттің ашылғанына ризашылықтарын білдіріп, енді медициналық көмек алудың әлдеқайда жеңілдей түсетініне алғыс білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.