Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Доллар бағамы 500 теңгеден асты
193
оқылды

KASE қор нарығындағы күндіз­гі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,88 теңгеге қымбат­та­ды. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 497,89 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айыр­бастау пункттерінде доллар 499 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500 теңге. Еуро 525-528 теңге аралығында құбылып тұр. Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 497 теңге, сатып алу құны – 501 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 қарашаға арналған ресми бағамы 1 долларға – 495,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,98 теңге. Еуро – 524,37 теңге.