Реконструкция тұғырға және мүсіннің өзіне жүргізіледі.
Астанада Кенесары хан ескерткіші жөндеуге байланысты орнынан алынды
Фото: Qazaqstan телеарнасы
403
оқылды

Елордада Кенесары хан ескерткіші жөндеуге байланысты орнынан алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Есіл өзенінің жағасындағы ескерткіштің тұғыры қисайып кеткен. Оны жөндеу көктемде аяқталады. Сол кезде ескерткіш бұрынғы орнына қайтарылады. 

Реконструкция тұғырға және мүсіннің өзіне жүргізіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.