Айтуынша, продюсер ешқашан декрет демалысына шықпаған.
«Тұрсын декреттік демалыста отыр»: Баян Алагөзова сәбиіне кім қарайтынын айтты
3,041
оқылды

Жақында екі қыздың анасы атанған Баян Мақсатқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, продюсер ешқашан декрет демалысына шықпаған. 

“Бала туып, үйде отыратын әйелдерді түсінбеймін. Олар үнемі шаршап жүреді. Бала мен күйеудің жағдайы немесе үйдің тірлігінен қолдары босамайды. Менің балаларым ешқашан мазамды алған емес. Түнімен ұйықтамай, жылап, мазалаған емес. Екі қызымды туғанда да декретте отырған емеспін. Қазір Тұрсын декрет демалысында отыр. Ол тіпті үйден шықпайды. Алғашқы 15 күн мүлдем үйден шықпай қойды. Ал мен екінші күні киноға түсіп кеттім. Менің амалым болмады. Ол үнемі қорған болғысы келеді. Барлық әкелік қасиетін көрсетіп жатыр. Біресе әңгіме айтады, біресе әзілдеп қояды. "Олар менің әкесі екенімді білуі керек, иісімді, дауысымды тануы керек" деген уайыммен жүреді", – дейді Баян Мақсатқызы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.