"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жотасы өз әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) жауады.
Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік, оңтүстік-шығыста – жел күшейіп, батыста, оңтүстікте, орталықта – көктайғақ күтіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.