Оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Семейде мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді
Фото: istockphoto.com
719
оқылды

Семейде мектеп мұғалімі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 

Оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалім білім ошағында екі жылдан бері жұмыс істеген. Әріптестері мұғалімнің тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Жәбірленуші қыз сегізінші сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар. 

“Ол мұғалім 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті зерттеу, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта жаңағы ұстаз уақытша ұстау изоляторына қамалған”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.