Ақмола облысының полицейлері екі жасар ұлымен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен жас ананы аман-есен тауып, отбасымен қайта қауыштырды.
Ақмола облысында әйел екі жасар баласымен бірге жоғалып кетті
Фото: polisia.kz
1,311
оқылды

Ақмола облысында екі жасар баласымен жоғалып кеткен әйел табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының полицейлері екі жасар ұлымен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен жас ананы аман-есен тауып, отбасымен қайта қауыштырды. 15 қараша күні таңертең Қосшы қаласының тұрғыны полиция бөліміне жұбайының жоғалып кеткені туралы хабарлап, көмек сұрады.

Ер адамның айтуынша, әйелі екі жасар ұлын ертіп, таңғы сағат 7 шамасында белгісіз бағытқа кетіп қалған. Өз күшімен іздеуден нәтиже шықпаған соң, ол тәртіп сақшыларына жүгінген. Полиция қызметкерлері бұл фактіні дереу тіркеп, жоғалған әйел мен оның баласын іздеуге кірісті. Бір тәулік ішінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, ана мен бала Тараз қаласының вокзалында пойыз ауыстырып жатқан жерінен табылды.

Тергеу барысында әйелдің туған қаласына бармақ болғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.