Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Сербия сарайында Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
691
оқылды

Сербия сарайының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды.

Бұдан кейін президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.