Түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдер кеңесіне Қырғызстаннан келген делегацияның басшысы Айжан Чиныбаева Елордада өткен «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» форумында түркі халқы әйелдерінің басын қосу керегін сөз етті.
Айжан Чиныбаева: Арманым – Орталық Азиядағы кәсіпкер әйелдердің цифрлық платформасын құру
Фото: amanatpartiasy.kz
619
оқылды

– Осыдан төрт жыл бұрын танысқан күннен бастап бір-бірімізді «әпке-сіңлі деп атап кеттік. Сауда-өнеркәсіп палатасының кеңесі өте мықты ұйым. Біздің көшбасшымыз Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының бас хатшысы Ләззат Рамазанова, өзіме әпкемдей болып кетті. Ол біздің басымызды қосып қана қоймай, адамдармен тіл тапбысып, үйлесімді жұмыс істей алады. Негізі қазақстандық форумдарға, жиындарға көп қатысамыз.

Шындап келгенде, біз бір-бірімізді толыққанды білмейміз. Әрине, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан деп жалпылама хабардармыз. Бірақ ішкі тыныс-тіршілігі жайында бейхабармыз. Әуелдегі менің арманым – Орталық Азиядағы кәсіпкер әйелдердің цифрлық платформасын құру. Себебі, осы арқылы бір-бірімізден үйренеріміз, білеріміз көп. Сондықтан бұл форум – біздің елдерді интеграциялайтын тағы бір платформаға айналды. Өйткені әйелдер әлем бойынша жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы секілді түрді салада жүр. Бәріміз бірлесе жұмыс істесек, жетістігіміз де ұшан-теңіз болар еді. Сол себепті Орталық Азияға өзге елдің азаматтары қызыға қарайтын, шабыттанатын мекеніне айналдырумыз тиіс. Сонымен бірге болайық, – дейді Түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдер кеңесіне Қырғызстаннан келген делегацияның басшысы Айжан Чиныбаева.