ШҚО-да Өскемен-Самар тасжолының 75-шақырымында жарылғыш зат тиелген VOLVO жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы оқиға Асубұлақ ауылына жақын маңда болған.
Облыстық ПД мәліметінше, жүк көлігі Самар ауданындағы тау-кен жұмыстарына арналған жарылғыш заттарды апара жатқан. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Тергеу жұмыстары Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.