Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты.
"Анасы тәрбиесіз болса, баласы қайдан тәрбиелі болады": Баян Алагөзова бала тәрбиесі туралы айтып, сөзге қалды
Фото: видеодан алынды
14,604
оқылды

Танымал продюсер Баян Алагөзова бала тәрбиесіне келгенде ананың өзі қандай болу керектігін айтты,  - деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы ол Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты.

«Мен қолы бос әйел болғым келмейді, менің балаларым мені күтсе екен деймін. Мен балаларымның маған таңырқай қарағанын қалаймын. Ал олар менімен мақтану үшін, мен өзім күн сайын өсіп, дамып отыруым керек. Қазір мен бұл тәжірибені дұрыс деп отырған жоқпын. Ол тек мен үшін жақсы тәжірибе болуы мүмкін. Баланы тәрбиелеудің ең дұрыс жолы — өзің үлгі болу. Анасы жаман болса, баласы қайдан жақсы болсын?! Бала анасы қатыгез болса, мейірімді болып өспейді. Егер анасы тәрбиесіз болса, оның баласы қайдан тәрбиелі болады? Оның барлығы бала күннен губка сияқты сіңіріле береді», — деді продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.