Жаңадан сайланған президент әлемдегі ең бай адаммен мега зымыранның сынағын бірге бақылады. Бұл екеуінің көзқарастарының жақындығын көрсетеді.
Президент миллиардермен бірге алып зымыранның сынағында болды
SpaceX компаниясы өзінің Starship зымыранын алтыншы қорытынды сынағын сәтті өткізді. Фото newscientist.com сайтынан алынды
847
оқылды

Aikyn.kz әлемдегі ең ауыр зымыранды сынаудың өзі саяси шараға айналғанын CNBC телеарнасындағы материалға сүйеніп талдайды.

Екінші мерзімге сайланған президент Дональд Трамп зымырандарды шынымен жақсы көретінін айтқан. Сейсенбіде (19 қараша) ол өзіне сайлауда қаржылай және моральды көмек көрсеткен Илон Маскпен Техастың оңтүстігінде 122 метрлік мега зымыранның ұшырылу сынағына қатысты.

Илон Масктың SpaceX компаниясы өзінің Starship зымыранын алтыншы қорытынды сынағын өткізді. Зымыран Астана уақыты бойынша бүгін түнгі сағат 2.00-де ұшырылды. Starship-тің бұл жолғы ұшуының мақсаты: зымыран күшейткішін ұшыру алаңына қайтару, кеменің Raptor қозғалтқышын ғарышта қайта қосу, сондай-ақ жоғары температуралық қорғаныс пен кемені жерге қайтару бойынша маневр жасау сынақтары. 

Сынақ кезінде Super Heavy зымыран күшейткіші Мексика шығанағындағы ауданға қайтарылды, ал ғарыш кемесі Үнді мұхитына қондырылды. Қазан айында SpaceX-тің Mechazilla ұшыру қондырғысы Super Heavy-ді ауада «ұстап алған» еді. Бұл жолы компания мұндай күрделі эксперименттен бас тартқан.

Ұшырылғаннан кейін 8 минут өткен соң Super Heavy 100 шақырымдай биіктіктен Мексика шығанағына келіп құлады. Ал Астана уақыты бойынша сағат 03.10-да Starship Үнді мұхитының акваториясында алтыншы сынағын «сәтті аяқталды» деп жарияланды.

Дональд Трамп, Илон Маск, кіші Дональд Трамп және кіші Роберт Кеннеди Trump Force One ұшағының бортында McDonald's тағамымен суретке түскен. Олардың артында Конгрестің Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон. Фото X әлеуметтік желісінен алынды

Сайлау науқаны барысында Трамп бірнеше рет Маскты мақтап, оны «ғажайып жігіт», «жаңа жұлдыз» және «данышпан» деп атады, оның SpaceX компаниясының жетістіктерін айтты. Америкалық саяси сарапшылар болса Илон Масктың сайланған президентке қаншалықты ықпалы бар екенін болжауда. Ал Маск болса ешқандай бөтен ойы жоқ екенін мәлімдеуде.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Браунсвиллде (Техас, АҚШ) SpaceX Starship зымыранының алтыншы сынағына қатысу алдында Илон Маскпен бірге серуенде, 2024 жылдың 19 қарашасы. Фото CNBC телеарнасының сайтынан алынды. Авторлығы: Reuters / Brandon Bell

«Ешқандай «quid pro quo» жоқ. Трамп әкімшілігімен біз үлкен үкімет реформасын енгізе аламыз, елді тұншықтыратын бюрократиялық қағазбастылықты жойып, өркендеудің жаңа дәуірін аша аламыз», – деп жазды ол қыркүйекте X-те. Маск айтқан ағылшын тіліндегі «quid pro quo» қазақшаға аударғанда «берген адам алады» деген мағынада қолданылатын фразеологизм.

Дегенмен сарапшылар Маск пен Трамп арасындағы тығыз байланыс туралы таласуда. Трамптың жеңісін оның отбасымен Мар-а-Лаго резиденциясында бірге тойлады, Вашингтонда Конгрестің Өкілдер палатасының республикашылдарымен кездесуде, Нью-Йорктегі Ultimate Fighting Championship матчында оның жанында отырды. Ал Илон Масктің Техастағы зымыран ұшыру сынағында Трамп оны арнайы қолдау үшін келді.

Миллиардер болса Трамп әкімшілігінің жасанды интеллект бастамаларында жетекші рөл атқарады. Қытай өнімдеріне тарифтер туралы талқылауларға қатысады деп күтілуде. Фото stablediffusionweb.com сайтынан алынды. Авторлығы: генеративті AI

Маск болса Трамп әкімшілігінің жасанды интеллект бастамаларында жетекші рөл атқарады. Қытай өнімдеріне тарифтер туралы талқылауларға қатысады деп күтілуде. Ол SpaceX қызметкерлерін жоғары мемлекеттік лауазымдарға, соның ішінде Қорғаныс министрлігіне ұсынғаны туралы да ақпарат таралуда.

Маск сонымен қатар федералды шығындарды қысқартуды және реттеуді жұмсартуды көздейтінін бірнеше рет жариялады. Қалай болғанда да сайлауда Дональд Трампқа қаржылай да, өзінің X әлеуметтік желісі арқылы да көмегін аямаған миллиардердің өз есебі болуы заңдылық деп ойлаймыз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.