Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде орналасқан.
Қырғызстанда жер сілкінісі болды
1,634
оқылды

20 қарашаға қараған түні Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан тұрғындарына жерасты дүмпулері сезілген жоқ.

Сонымен қатар Лейлек, Рават, Қара-Суу, Коргон, Катран, Коргон ауылдарында шамамен 3,5 балдық, Берік-Суу, Қызыл Шарба ауылдарында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Алдын ала ақпарат бойынша, адамдар да, ғимараттар да еш зардап шеккен жоқ.