Дипломатиялық өкілдік байланыс телефондарын жариялады.
Елшілік Украинадағы қазақстандықтарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
231
оқылды

20 қарашада Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандық азаматтарға маңызды үндеу жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дипломатиялық өкілдік Украинадағы қазақстандықтарға елден кетуге кеңес берді.

 Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады,  делінген ақпаратта.

Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу баспаналарға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

 Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуеқатынасын пайдалана алатынын ескереміз. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес,  деп мәлімдеді елшілік өкілдері.

Сондай-ақ дипломатиялық өкілдік байланыс телефондарын жариялады:

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.