Жеке кәсіпкерлер декларацияны жыл сайын тапсыруға міндетті.
2025 жылы кімдер декларация тапсыруға міндетті? - Министр жауабы
278
оқылды

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылы жалпыға бірдей декларацияны тапсыруға кімдер міндетті екенін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр бұл туралы Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында нақтылап, түсіндіріп берді.

- Декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, квазимемлекеттік секторлардың басшылары мен олардың жұбайлары, 20 мың АЕК (73 млн 840 мың теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мүлкі бар адамдар, шетелде мүлкі барлар мен шетелдегі банкте қаржысы бар қазақстандықтар тапсырады. Мұғалімдер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері декларация тапсырмайды. Жалпы, декларацияны ерікті түрде кез келген адам тапсыра алады, - деді Мәди Такиев.

Бұл ретте министр жеке кәсіпкерлер декларацияны жыл сайын тапсыруға міндетті екенін еске салды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер дүние мүлкін өзгенің атына жаза алмайтынын да атап өтті.

- Енді олар тусқандарының (атына дүние мүлкін) жаза алмайды. Егер тіркейтін болса, туысқаны бізге оны көрсетуі керек. Қай көзден мүлік сатып алғаны (туралы ақпарат) болуға тиіс, - деді ол.