Путин 2036 жылға дейін билікте қала ма?
Путин 2036 жылға дейін билікте қала ма?
527
оқылды
Қазақстан Ресей және Қы­тай­мен іргелес жатқан соң бұл елдердің ішкі саясатындағы өз­ге­ріс­терге көз салуға тура ке­ле­ді. Ондағы саяси процес­тер бізге де жанама түрде әсе­рін тигізуі бек мүмкін. Соң­ғы кезде екі елді де мазалаған маңызды мәселенің бірі – басшыла­ры­ның билікте қалу жолдарын қа­рас­тыру болды. Си Цзинь­пинь 2018 жылы Ком­му­нистік пар­тия съезінде шек­сіз мер­зім­ге сайлану құқығына ие бол­­са, Владимир Путин бұл мә­­селені Консти­ту­ция­­ға өз­ге­ріс енгізіп, шешуге тырыс­пақ. 2000 жылы билікке келген Вла­димир Путин Ресейді басқа­рып отырғанына биыл 20 жыл тол­ды. Тек 2008-2012 жылдар ара­сында үкімет басшысы қыз­ме­тіне ауысты. Алайда 20 жыл­да ел билігін уысынан шы­ғар­маған. Қазіргі заңға сәйкес, оның президенттік 4-мерзімі 2024 жылы аяқталуы тиіс. «Путин тақта отыру мерзімін ұзарта ма?» деген тақырып Ресей қоғамында был­тырдан бері қызу талқыланып ке­леді. Себебі бір жағынан В.Пу­тин «мен билікте қалу үшін еш­қашан Конституцияны өзгерт­пей­мін» деп мәлімдеп келген еді. Оған қоса, қазіргі заң оған 2024 жылдан әрі қарай ел басқаруға мүм­кіндік бермейді. Ал екінші жа­­ғынан 20 жыл бойы билік жүйе­сін өз тұлғасына матап бай­лап, қа­лыптастырған кісінің прези­дент­тіктен оңай кете қалуына сене­тіндер аз. Бұл даулы мәселенің жауабын В.Путин биыл 15 қаңтарда Ресей Кон­ституциясына бірқатар өзге­ріс енгізуді ұсыну арқылы бер­­гендей болды. Ал осы аптада Ресей парламентіне аталған ұсы­ныстарын және басқа да ойларын заң­мен бекітуге келді. Міне, сол кез­де депутаттардың арасынан сөз ал­ған алғашқы космонавт әйел, 83 жастағы депутат Валентина Тере­­шкова В.Путиннің бүгінге дейін 16 жылдық президенттік мер­зімін «өшіріп тастауды» ұсын­ды. Яғни, осы арқылы қа­зір­гі пре­зидентке шексіз сай­лау­ға қа­тысуға мүмкіндік беру бас­та­­­масын көтерді. Космонавт-де­пу­таттан соң сөз алған пре­зи­дент бұл ұсыныстан бас тарт­­пады. Тек 22 сәуір күні Ресей хал­қы бұл ұсы­ныс­ты қолдауы тиіс. Әрі Консти­туциялық сот келісі­мін беруі қа­жет деп ескерту жасап қойды. Соны­мен, заң факультетінің түлегі өз елінің бас заңдар жинағын бұзу­ға неге бел буды? 67 жастағы В.Пу­тин 2036 жылға дейін билікте қала ма? Жалпы, Ресей басшысы 2003, 2008, 2012, 2018 жылдары баспасөз конференцияларында, сұхбаттарда өз елінің Конституциясын бұзбай­ты­нын, билікте ұзақ қалғысы кел­мей­тінін түрлі формада жеткізген. Мәселен, 2008 жылы журналист сұрағына «мен президент ретінде бірін­ші күннен Конституцияны бұз­б­аймын деп өзім үшін ше­шім қабылдадым» деп жауап қа­йыр­­ған. Алайда қа­зір­гі президентке қажет өзге­ріс­­­тер Конституцияға ен­­гізілсе, бас заңды бұзу де­ген ұғым­­­ды құқықтық тұр­ғы­да тү­сін­ді­ру қиын болып қа­ла­ды. Өйткені қа­­зіргі заңмен ол бесінші прези­дент­тік сай­­­­лауына қатыса алмайды. Ал егер ол құқықтық шектеуді алып тас­таса, емір-еркін қанша уақыт ел бас­­­қарамын десе де, өзі шешпек. Алай­да ол құқықтық шектеуді алып тастау Конституцияға қарсы емес пе? Ресей Конституциясына ұсы­ны­лып отырған өзгерістерге көз жү­гіртсек, бұл ел халықаралық изоляцияға түсуді көз­деп отыр­ғандай көрінеді. Мәсе­лен, ұсы­ныстың бірі – Ресей Кон­сти­­­туциясын халықаралық құ­қық­­тан жоғары қою. 1969 жылы қа­былданған Вена концен­ция­сын­да халықаралық құқықтың ұлт­тық заңдардан үстемдігі көр­се­тілген. Бұл көптеген елдер­дің заңында да бекітілген. Қан­дай да бір ел халықаралық құқық­ты мойын­дамаса, онымен өзге мем­ле­кеттер байланысқа түсу­ден бас тар­туы мүмкін. Себебі халықа­ра­лық құқықты мойындамау – әлем­дік «ортақ ойын ережесін» орын­дамау деген сөз. Ресей не үшін мұндай қауіпті қадамға бар­ға­лы тұр? Даудың басы 2014 жылдан бері Еуропаның түр­лі сот­­тарының Ресей үкіметі Ходор­ков­ский басқарған ЮКОС ком­па­ниясының экс-акцио­нер­леріне 50 млрд доллар шығын төлеуді міндеттеуі болуы мүмкін. Ресей өз Конституциясын халықаралық құқықтан жоғары қою арқылы бұл алып сомманы төлеуден құқықтық тұр­ғыда басын ашып қашып жат­қан­дай. Сондай-ақ үкіметтегі лауазым­ды азаматтар енді шетелдің аза­ма­ты бола алмайды. Былай қара­са­ңыз, шенеунік үшін бұл заңды талап секілді. Алайда Ресейде ше­телдік азаматтық қатар алуға рұқ­сат етілген. Бұдан бөлек, не­гіз­гі ұсы­­ныстың бірі  Ресей прези­дент­тігіне үміткерлерге қатысты. Енді кандидат Ресейде кемі 25 жылдай тұру керек. Яғни, осы нор­ма арқылы Кремль шетелге қаш­қан, шетелде тұратын болашақ не қазіргі саяси оппоненттерінен құтылуға тырысып жатқандай. Ал қазіргі талап – 10 жыл. Оған қоса, Владимир Путин бір адам қата­ры­нан екі президенттік мер­зімнен артық қызмет атқара алмай­ды деген талаптағы «қатары­нан» сө­зін алып тастауды ұсынып отыр. Тек келесі ұзартылатын мерзім 2 рет­тен аспау керек. Яғни, егер бұл өзгеріс енсе, онда В.Путин 2024 жыл­­дан әрі қарай өзінің қыз­ме­тін екі мерзімге ұзарта ала­ды. Ре­­сейде 2012 жылдан бері сай­лан­ған президенттің бір мерзімі 6 жыл екенін ескерсек, онда 2024+6+6=2036 формуласымен Пу­тин 2036 жылға дейін ел басқа­руы мүмкін. Мұның бәрі қазірше саяси бол­жам. Бірақ сценарий дәл осы жол­мен жүретініне көптің күмәні қал­мады. Егер бұл ұсыныс Ресей бас­шысы Путиннің жоспары бол­маса, ол биыл Конституцияға өзгеріс енгізіп, парламентінде қа­­рия депутатқа «бізге 36 жыл бас­­шы бола беріңіз» деген сөзді жа­­рия түрде айтқызбас еді. Ал енді бұл жоспар жүзеге асуы үшін 22 сәуір күні Ресей азаматтары Конс­титуциялық өзгеріске дауыс беру қажет. Бұл референдум емес. Сон­дықтан өзгеріске көпшілік қолдау білдірсе, ол қабылданды деген сөз. Оған қоса, Ресей Конституциялық соты да бұл бас­тама заңға қайшы емес деген ше­шім шығару керек. Олар прези­дент­ке қажет шешімді шыға­раты­ны­на сарапшылар күмән келтір­мей­­ді. Осылайша, көрші елде бір бас­шы 36 жыл билік құру жос­па­рын жүзеге асыруға кірісіп кетті.    width=Нұрмұхамед БАЙҒАРА