Әйел үйінің жалғыз асыраушысы әрі сырқаты бар екенін айтты.
Блогер Дархан Жолшыбеков жалғызбасты, көпбалалы анаға баспана сыйлады (видео)
Фото: видеодан кадр
421
оқылды

Блогер Дархан Жолшыбеков жалғызбасты ананың арманын орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Блогер 4 баласы бар әйелге баспана сыйлады. Ол балаларымен жалдамалы пәтерде тұрып келген. Әйел үйінің жалғыз асыраушысы әрі сырқаты бар екенін айтты. 

"Әкелерінің бөлек отбасы бар. Сол жаққа кетіп қалған. Өзім қатерлі ісікпен ауырамын. Кеше сіздің әйеліңізге той жасап бергеніңізді көріп, "Қыздарыма да осындай адам жолықса екен" деп тілеп едім. Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. Екі рет ота жасалды. Ертең мен өліп қалсам, балаларымды балалар үйіне өткізіп жіберер деп ойлап, баспана алуды жоспарлап жүр едік. Бұл үйді де жалдап тұрамыз. Қазан айындағы пәтер ақыны төлей алмадық. Сатуға шығардым деп айтып кеткен. Бүгін енді өз баспанамыз болады", – деді әйел. 

Блогер жалғызбасты анаға пәтер кілтін табыстап, әр бөлмесін көрсетті.  Көпбалалы ана блогерге алғысын айтып, көз жасына ерік берді.

"Сізге көмек керек деген хабар түсті. Сондықтан біз қазір сізге үй сатып алып келдік, әпке. Мынау – сіздің үйіңіздің кілті. Қазір барып рәсімдейміз. Барлық балаңызға бөлме жетеді. Ешнәрсе уайымдамаңыз. Мен – тек себепкер! Әр адам, отбасы, бала бақытты болсын", - деді Дархан Жолшыбеков. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Darhan Zholshybekov (@darhanzholshybekov)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.