Ьұрын ауылда 28 үй ғана болса, қазір олардың саны 80-нен асып кеткен.
СҚО-да тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: Qazaqstan телеарнасы
248
оқылды

Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары екі жыл бұрын арақ-шараптан толығымен бас тартқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. 

Содан бері мұнда бірде-бір ауыр ауыр қылмыс тіркелмеген, ұрлық пен отбасы жанжалы да жоқ. Бұрын ауылда 28 үй ғана болса, қазір олардың саны 80-нен асып кеткен. 

«Дайындық ауылының өмірі алкогольден бас тартудың криминогендік жағдайға тікелей әсер етуінің нақты үлгісі болып саналады»,  дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлнұр Ахмедьяров.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.