Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңалығын жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі жақында жеке бизнесін қолға алып, жаңа тауарын сатылымға шығаратынын мәлімдеді. Алайда оның нақты не екенін айтпай, құпия күйінде қалдырды.
"Қыздар, бұл идеямды жақындарыма, құрбыларыма – әлі ешкімге айтпадым. Ешкімге бөліспедім. Желіде де сіздерді қызықтырып, дайындап, көз бен құлақтарыңызды үйретуге тырыспадым. Өйткені бір ғана мақсатым болды. Реті келіп, бәрін өзім айтамын деп ойладым. Осы уақытта қазақ қыз-келіншектерінің өзіне не қалайтынын зерттедім. Олардың қалауын бір жерге жинап, түйіндегім келді. Әйелдің жанын әйел түсінеді ғой. Мен сіздерді түсіндім. Әр әйелдің жүрек түбіндегі арманы ұқсас. Қыз бала түрлі сынақтардан өтеді. Әр ару бақытты ғұмыр кешу керек деп ойлаймын. Мен анамын, әншімін, жармын, қазақтың еркелеп жүрген қызымын. Алайда инстасаудагер емеспін. Осы заман талабына сай марафон, курс ойластырып, сатпадым. Сұраныс күн сайын болса да, келіспедім. Жақында мен сіздерге ұсынатын нәрсе өз өмірімнен, жүрегімнен, махаббатымнан, арманымнан туындаған зат. Осы затпен мен сіздерге бір қадам жақындаймын. Осы затты алған соң, "Ерке Есмаханның бір бөлшегі" сіздермен бірге болады. Бұл затта менің энергиям бар. Өйткені бұл заттың авторы мен. Дайын болыңыздар, жақын күндері көрсетемін", – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.