Өнер иесі қазіргі сағат бойынша балалар үйге кеш қайтып жүргенін айтты.
Балалар сабақтан қараңғыда қайтады
Фото: instagram.com/ zhazira_bairbekova
6,069
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Өнер иесі қазіргі сағат бойынша балалар үйге кеш қайтып жүргенін айтты. 

“Уақытты қайтарыңдар! Мектептен, балабақшадан балалар шыққанша қап-қараңғы. Заң шығарушылардың балаларында жүргізуші мен бала күтушілері бар. Ал қарапайым халықтың бәрінде ондай мүмкіндік бола бермейді. Мектепке өздері барып келетін оқушылардың үйіне қараңғыда оралуы қауіпті екенін неге ескермейді уақытты өзгертушілер?! Неге сағатты жылжытты?! Кім біледі?!”, – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.