Бұл туралы қызы Құралай Нұрқаділова Instagram-дағы парақшасында айтты.
Заманбек Нұрқаділовтің бәйбішесі қайтыс болды
Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы
2,892
оқылды

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы қызы Құралай Нұрқаділова Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Бүгін түнде еліміз үшін үлкен адамдардың бірі қайтыс болды. Бұл  – Заманбек Нұрқаділов тұлға ретінде қалыптасқан жылдары оның серігі болған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы өте қарапайым әрі зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішінде ол үндемей келді, Кеңес Одағы кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы еліміз туралы көп нәрсе айта алатын. Жас саясаткерлер оның ақыл-кеңесіне құлақ түріп, өмірге қадам басты. Ол барлық тарихи фактілерді ішінде сақтайтын, өте қызықты етіп айтып беретін. Анамның даналығына оны білетіндердің бәрі таңданатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!", – деп жазды ол.

Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов Қазақ КСР-і мен Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер. Кеңес одағы кезінде Алматы қалалық атқару комитетінің соңғы төрағасы болған. 2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде денесіндегі атылған үш оғымен өлі күйінде табылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.