Әзірге қазақстандықтардан эвакуациялау бойынша өтініш түспеген және қазіргі уақытта арнайы ұшақ жіберу жоспарда жоқ.
Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
279
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы жағдайға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Смадияровтың айтуынша, бүгінде Украинадағы Қазақстан елшілігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

– Сыртқы істер министрлігінде әлемдегі жағдайға мониторинг жасайтын арнайы Ахуалдық орталық бар. Біздің мәліметімізге сәйкес Киевтегі шетелдік дипломатиялық корпус өз жұмысын жалғастыруда және азаматтарын эвакуациялап жатқан жоқ, – деп түсіндірді СІМ өкілі.

Әзірге қазақстандықтардан эвакуациялау бойынша өтініш түспеген және қазіргі уақытта арнайы ұшақ жіберу жоспарда жоқ.

– Өздеріңіз білетіндей, Украинада соғыстың жалғасып жатқанына екі жылдан асты. Кетемін деген азаматтар елден шығып кеткен. Бірақ біздің есебіміз бойынша Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Нақты санын айту қиынға соғады. Оған қарамастан, бірнеше күн бұрын біз Украинадағы қазақстандықтарға ел аумағынан кету туралы хабарлама жасадық. Қазақ дипломаттары өз жұмысын тиянақты атқарып келеді, егер отандастарымыздан өтініш түскен жағдайда оларға барлық қажет көмекті көрсетеміз. Дегенмен, жағдайдың одан әрі дамуына байланысты өз әрекетімізді жасаймыз, – деді Айбек Смадияров.