Шығарманың авторы және орындаушысы – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов.
«Астана Опера» театрында «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
263
оқылды

«Астана Опера» театрында ұлы ақын, ағартушы, композитор, философ, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хакім Абай» монооперасның премьерасы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Шығарманың авторы және орындаушысы – Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов дарынды пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Әлияр Өтетілеумен бірге өнер көрсетті.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиналған қауым Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң» және басқа да танымал әндерін тыңдай алды. Ал, «Астана Опера» хор студиясының жас әртістері Шахимардан Әбіловпен бірге «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем Қаламқас» әндерін орындады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.