Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында өзіне жағымсыз пікір жазған оқырмандарына жауап берді.
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек»: Мақпал Жүнісова желіде тараған видеосы туралы пікір білдірді
Фото: видеодан кадр
2,169
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова желіде тарап, елдің қызу талқысына түскен видеосына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Әнші тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген  сұхбатында өзіне жағымсыз пікір жазған оқырмандарына жауап берді. 

"Мен ешкімнің басын жарған жоқпын, ешкімді атып тастаған жоқпын. Халық өзі ушықтырып алып кетті. Бұл жағдай маған ауыр тиген жоқ. Себебі мен мұндайға үйренгенмін. Сол жағдайдан кейін де талай жерге барып, ән айтып келдік. Халық бірауыз сөз айтқан жоқ. Құшақтап, сүйіп құрмет көрсетті. Шынайы өмірдегі халық пен желідегі халық мүлдем басқа екен. Анда-санда дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек. Әбден тойлап, аузына келгенін айтты. Мені жақсылап тұрып жамандады. Ешкімнің ауызына қақпақ болмайсың ғой", - деді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.