Ол бірнеше рет пара алған болуы мүмкін.
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті
Арман Мухатов
1,235
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Әлеуметтік желілерде 22 қарашада ҰҚК қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасарын ұстағаны туралы ақпарат тарады.

Ол бірнеше рет пара алды және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қамқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қамауға алынғаны туралы ақпаратты растап, аталған қызметкер ұсталғанға дейін де қызметтен босатылғанын мәлімдеді.

"Құзырлы органдар заңсыз әрекет жасады деген күдікке ілінген облыс тұрғынына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, ол полиция бөліміндегі қызметінен ұсталғанға дейін босатылған", - делінген ведомствоның ресми жауабында.