Ол оқырмандарына бір жыл бойы жасырып келген құпиясын ашқан.
«Тойды қарызға алып жасадым, келіншегіме мақтанғым келді»: танымал блогер шындығын айтты
Фото: instagram.com/zheka_fatbelly
578
оқылды

Танымал блогер Zheka Fatbelly өткен жылы дүркіретіп өткізген тойын қарыз алып жасағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.      

Блогер бұл туралы Instagram-дағы парақшасында видео жариялады. Ол оқырмандарына бір жыл бойы жасырып келген құпиясын ашқан. 

"Молданазар ән айтқан кездегі үйлену тойым естеріңізде ме?! Сол тойды қарызға алып жасадым. Осыдан бір ай бұрын ғана тойдың соңғы қарызын жауып тастадым. Есептеңіз, бір жыл екі ай кетті. Мен тіпті біреудің қоластына маркетолог болып жұмысқа орналастым. Елестете аласыз ба? Мен видео түсіретін блогер едім ғой, ал тойдан кейін таңертеңнен кешке дейін жұмыс істей бастадым. Тойдан соң келіншегімнің алдында мақтанғым келді. Бірақ мұның барлығы менің қаржылық сауатсыздығымнан болды", - деп мойындады блогер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.