Өрт туралы кезекшінің жедел байланыс желісіне қоңырау келіп түсті.
Алматы облысында монша өртке оранды
786
оқылды

23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жапек ауылында монша кешені отқа оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер моншаның екінші қабатындағы бу бөлмесі мен төбенің жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қызыл жалын тараған аудан көлемі - 45 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ.