Сот отырысында мемлекеттік қызметкер кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді.
Маңғыстау облысында жетім балалардың құқығын бұзған шенеунік жазаға тартылды
339
оқылды

Маңғыстау облысында шенеунік жетім балаларға қатысты міндеттерін адал орындамағаны үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Aikyn.kz 

Іс материалдарына сәйкес, облыстың аудандық білім бөлімдерінің бірінің басшысы заң талаптарын орындамаған және уақытында жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді республикалық деректер базасына енгізбеген.

Сот отырысында мемлекеттік қызметкер кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді және соттан ең жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Аудандық білім бөлімінің басшысы ӘҚБтК-нің 135-бабы 1-бөлігі 1-тармағы бойынша, яғни "Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне ұсыну тәртібін және мерзімін бұзу" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.