Бұл шараның тұрғындарға зияны жоқ.
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
417
оқылды

23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы Күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді, деп жазады Aikyn.kz 

Қорғаныс министрлігінің дерегінше, аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек.

"Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды",  делінген ақпаратта.

Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ.