Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық сейсмоболжау мониторингі орталығының мәліметінше, сейсмикалық құбылыс сағат 13.33-те тіркелген.
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
1,388
оқылды

23 қарашада Қырғызстанда Рихтер шкаласы бойынша 5,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Aikyn.kz 

Эпицентр 10 шақырым тереңдікте орналасқан, оның координаттары 39,5 градус солтүстік ендік пен 71,74 градус шығыс бойлықта. Сейсмикалық белсенділік Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырым және Қазақстан шекарасынан шамамен 170 шақырым қашықтықта тіркелген.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі тербеліс тудырғанымен, айтарлықтай қирау мен зардап шеккендер анықталмаған.