Бүгін Астанада бірлескен профилактикалық жұмыс аясында елордалық және ақмолалық құтқарушылар елорда мен оған іргелес орналасқан облыстың аудандарында бірлескен рейд өткізді.
Қазақстанда жылыту маусымы басталғалы 40-тан аса адам қаза тапты
319
оқылды

Жылыту маусымы басталғалы бері елімізде 40-тан аса адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

- Елорданың тұрғын секторында және оған іргелес орналасқан елді мекендерде өрт жағдайын тұрақтандыру мақсатында «Біз қауіпсіздік үшін» атты жаппай профилактикалық рейдтер өткізіліп жатыр. Жеке үйлер жылу және электр аспаптарын пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан жоғары қауіпті аймақ болып қала береді, – деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев.

Ақпаратқа сәйкес, жылыту кезеңі басталғалы бері елімізде 913 өрт тіркеліп, 41 адам қаза тапса, 28 адам жарақат алды.

Құтқарушылар волонтерлермен бірлесіп үйлерге барып, тұрғындармен әңгімелесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.