Қостанай облысында өрт сөндірушілер жойқын жарылыстың алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, бүгін Мендіқара ауданы Боровское ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан.
– Барлау барысында өрт сөндірушілер газ баллонын тауып алып, оны суытып, қауіпсіз жерге шығарды. Жарылыс қаупінің алды алынғаннан кейін, өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндірілді, – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.