Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Aikyn.kz.
Астанада министр Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысы өтті.
Қарағанды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді.