Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімдері 30 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді.
Өскемендік құтқарушылар 5 автокөлікті өрттен қорғап қалды
715
оқылды

24 қарашада таңертең Өскемендегі Астафьев көшесі бойындағы ЖК бірінің аумағында гараж боксында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімдері 30 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндіріп, өрт аймағынан 5 автокөлік пен бір газ баллонын шығарды.

Зардап шеккендер жоқ.

– Өрттің себебі – пешті орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.