Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, – деп жазады Aikyn.kz.
– 2024 жылғы 24 қарашада сағат 15.30-да Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, – делінген мәліметте.