Іс судьяға тапсырылып, апелляциялық инстанцияда қаралып жатыр.
Процесс 18 қарашада басталды: Тимур Құлыбаев кіммен соттасып жатыр?
www.istockphoto.com
2,152
оқылды

Белгілі олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетімен соттасып жатыр. Бұл туралы Аikyn.kz ақпарат агенттігі Кaztag.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Талапкер: Бас прокуратураның активтерді қайтару комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі. Жауапкер: Құлыбаев Тимур Асқарұлы". Процесс 18 қарашада басталды", – делінген сот процесінің талаптарында.

Іс судьяға тапсырылып, апелляциялық инстанцияда қаралып жатыр. Басқа мәліметтер айтылмаған.

Айта кетейік, Бас прокуратура әдетте активтерді қайтару бойынша қабылданатын шаралар туралы нақты мәліметтерді ашпайды, тек жалпы ақпаратпен шектеледі. Парламент депутаттары да бірнеше рет қоғамдық жиын жасап, комитеттен бұл мәліметтерді ашық айтуды талап еткен. Алайда комитет те бұл процесс туралы толық ақпаратты алуға қол жеткізе алмай отыр.