Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында аймақтағы жаңажылдық безендірулерге қанша қаржы жұмсалатынын айтты.
Әкімдік мұз қалашығын салуға, жаңажылдық безендіруге 52 миллион теңге бөлмек
www.istockphoto.com
657
оқылды

Бұл туралы Аikyn.kz  сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қалаларды безендіруге бөлінетін қаржы әр қалаға 50-60 миллион теңге аралығында. Екібастұзға 38 миллион теңге, Павлодарға 52 миллион теңге бөлінеді. Қаржының басым бөлігі мұз қалашығын салуға, көшелерді жарықтандыруға бөлінген. Халықтың көңілін көтеруге және жақсы-жайлы жер ұйымдастыруға мүмкіндіктер шектеулі. Сондықтан безендіруге, қаланы абаттандыруға, басқа да сауық-сайран шараларын ұйымдастыруға қаржы бөліп жүрміз", – деді ол қала әкімі.