Түркиялық технология негізінде іске қосылған жылыжайға 7 400 түп банан ағаштары былтыр отырғызылған.
Түркістан облысындағы жылыжайда банан пісіп жатыр
Фото: Видеодан кадр/Qazaqstan телеарнасы
204
оқылды

Сайрам ауданындағы жылыжайда өсіріліп жатқан экзотикалық жемістерден екінші өнім жинап алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, қазір жұрт сүйсініп жейтін жемістер негізінен ішкі нарыққа шығып, Алматының сауда орталықтарына жөнелтіліп жатыр. 

Түркиялық технология негізінде іске қосылған жылыжайға 7 400 түп банан ағаштары былтыр отырғызылған. Жемісті өсіру үшін арнайы микроклимат жасалған. Мұндағы температура тұрақты түрде +15 градуста сақталады, ал топырақ құрамы тропикалық өсімдіктердің талаптарына сай байытылған. 

Өнім көлемін арттыру үшін тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Мұнда 20 шақты ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс тапқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.