Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың қорытындысы жарияланды.
Ұлттық ғылым академиясы академиктері сайланды
1,399
оқылды

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың қорытындысы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Академия академиктерін сайлауға арналған конкурс 2024 жылдың 21 қарашасында аяқталды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерінің жалпы жиналысының шешімімен:

 «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі

(«Медина және денсаулық сақтау» бағыты)

Пя Юрий Владимирович;

Кайдарова Диляра Радиковна.

 

«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары)

Қалтаев Айдархан;

Телтаев Багдат Бұрханбайұлы;

Бакенов Жұмабай Бекболатұлы;

Батырбеков Эрлан Гадлетович

 

 

 

 

 

«Агробиоресурстар және экология туралы» ғылымдар бөлімшесі («Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» бағыты)

Орынбаев Мұхит Бармақұлы

 «Білім және қоғамды дамыту туралы» ғылымдар бөлімшесі

(«Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылым бағыты»)

Таймағамбетов Жакен Қожахметович

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.