Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырмандарына сотуар әшекейді таныстырды.
Әнші Ерке Есмахан өзінің әшекей бұйымын сатылымға шығарды
Фото: instagram.com/erke_esmahan
804
оқылды

Әнші Ерке Есмахан жеке бренд әшекейін сатылымға шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырмандарына сотуар әшекейді таныстырды. Айтуынша, оның бағасы – 50 мың теңге.

«Бүгін көптен бері айтып жүрген туындымды сіздерге таныстырамын. Ол – осы суретте көзге оттай басылып тұрған әшекей. Әдемілігімен көздің жауын алып тұр. Сұлулығымен қоса терең мазмұнды. Әр әйелдің бақытын құрайтын денсаулық, отбасы, сәби сүю, карьера, сұлулық және байлық – бәрі бірікті. Әдемі туынды дүниеге келді. Еркенің бренді сіздерге сәттілік алып келсін, бағы жұғысты болсын. Шын жүректен тіледім», – деді Ерке Есмахан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.