Баға сұраныстың көп болуына және инфляцияға байланысты қымбаттап жатыр.
Елімізде Аяз ата мен Ақшақардың қызметі қымбаттады
466
оқылды

Жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру құны бір жылда 20%-ға өсті. Егер 2023 жылы Аяз ата мен оның немересінің жарты сағаттық сапары ел бойынша орташа есеппен 10-нан 15 мың теңгеге дейін болса, бүгінде күні мен сағатына байланысты 30 минуттық қойылымы 12 мың теңге тұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бір қызығы, еліміз бойынша бұл баға құбылмалы. Мәселен, Шымкентте бұл қызметті 13 мың теңгеге рәсімдеуге болады, ал Қарағандыда немесе Оралдағы ертегі кейіпкерлері 15 мың теңгесіз келмейді. Қызылордадағы Аяз аталардың қызметі болса 10 мың теңгеден аспайды.

Бұл уақытта Астана мен Алматыдағы жаңа жыл актерларының қалтасы қалыңдайды. Мысалы, Алматыда мынадай ұсыныстар бар:

"VIP-Аяз Ата! Аяз Атаның резиденциясына трансфер, Ақшақармен шай ішу, тәтті пирогтар, сыйлықтар беру, белсенді ойындар, видео және фотосессия. Барлығы 65 мың теңге, екінші және келесі шақырылымдар үшін – 35 мың теңге". 

"Астанада балалармен, қонақтармен 30 минуттық интерактив. Флешмоб. Құны: 50 000 теңге. 30, 31 желтоқсан, 1 және 2 қаңтар күндері екі еселік тариф. Ұсақ-түйекке дейін ойластырылған сәнді костюмдер. Театр әртістері. Сұлу Ақшақар", – делінген қызмет көрсету сайтындағы хабарландыруда.

Ивент-агенттіктің директоры Диаз Оқасовтың айтуынша, Астана мен Алматыда театр актерлері мен көркемөнерпаздар қысқы мерекелерді асыға күтеді. Ал бағалар үлкен сұранысқа және, әрине, инфляцияға байланысты қымбаттап жатыр.

"Егер сіз Алматыдағы кез келген хабарландыру сайтына қарасаңыз, бірнеше жүз хабарландыру таба аласыз. Бұл ретте бағалар аниматорлық жұмыстың жарты сағаты үшін 15 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін ауытқиды. Ал жаңа жыл қарсаңында – 31 желтоқсанда – баға сағат бойынша өзгере бастайды. Айталық, таңғы 10-дағы тапсырыс 15 мың теңге, ал 21.00-де 20 мың теңге болады", – дейді Диаз Оқасов.