Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылады.
Сөзіңе жауап бересің бе? Астанада мектеп оқушысы дәретхана ішінде қатарласын аяусыз ұрған
436
оқылды

Астанада мектеп дәретханасында оқушының аяусыз соққыға жығылғаны бейнеленген видео тарады, - деп жазады Aikyn.kz

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға елордадағы №106 мектепте (Жайлы мектеп) болған. Онда жасөспірімнің қатарласын "Сөзіңе жауап бересің бе?" деп соққының астына алғанын көруге болады.

Астана қалалық ПД баспасөз қызметі аталған фактіге қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті полицияда тіркелді. Оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылады. Іс бойынша материалда сотқа және қала әкімдігіне қарасты кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясына жолданды. Сондай-ақ полиция Білім басқармасына осындай фактілерге жол бермеу туралы ұсыныс жолдады», - делінген ПД хабарламасында.