«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27 қарашада Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
27 қарашада ауа райы қандай болады?
www.istockphoto.com
562
оқылды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. 

Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман. Астанада түнде және таңертең тұман. Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-18 м/с. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.