- Театрымыздың белді актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық иегері Алтынай Нөгербек NETFLIX фильміне шақырту алды. Танымал актриса Netflix-тің Карлаг жайлы фильміне түспек. Құрметті Алтынай Бауыржанқызы, барша театр ұжымы атынан сізді шын жүректен құттықтаймыз! - делінген жазбада.
Актриса Карлаг жайлы тарихи фильмге түседі. Фильм Испанияның Бильбао қаласында 2,5 ай бойы түсіріледі деп жоспарланып отыр. Алтынай Нөгербектен басқа, фильмдегі рөлге тағы үш қазақстандық актер шақырылды. Жобаның режиссері - "Бумажный дом" хикаясымен танымал болған Мигель Ангел Вивас. Ал басты рөлді "Элита"драмасымен танымал әртіс Аарон Пиппер сомдайды.
- Түсірілім 18 қарашадан басталып кетті. негізі бұл жоба осыдан бес жыл бұрын жоспарланған. Бірақ пандемияның салдарынан кейінге шегерілген, - дейді Алтынай Нөгербек.