Әртістерге платформадағы тректері үшін қаламақы төленбегендіктен,
Іnstagram желісінен қазақстандық әндер көрінбей кетті
Instagram-да қазақстандық әндер жоғалып кеткені рас па?
www.istockphoto.com
340
оқылды

 Продюсер әрі блогер Бақтияр Әлиев Telegram-дағы арнасында Қазақстанның кей әншілерінің Instagram желісінде әндері жоғалып кеткені туралы шағым түскенін жазды.

Оның айтуынша, платформаны қолдау бөлімі сауалға егжей-тегжей жауап берген. Meta олардың KazAK-пен (Қазақстан авторлар қоғамы) серіктестік келісімі ұзартылмағанын, сондықтан KazAK құқықтарын сақтайтын барлық контент уақытша жойылғанын хабарлады.

– KazAK-тың кез келген әні қазір Facebook пен Instagram желісіндегі Reels және Stories бөлімдерінде қолжетімсіз. Жауапта "KazAK ұсынған әндер пайдаланушы контентті олар өздері өшіруі немесе бұғаттауы мүмкін, – делінген.

Журналист Әділ Балтабаев та қызығушылық танытып, жауапты мекемелерге хабарласқанын айтты.

– Қазақстандағы авторлық және сабақтас құқықтар мәселелерін реттейтін мемлекеттік орган – Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне не болғанын (яғни, қазақстандық әндер Instagram-нан неліктен жоғалып кеткенін - ред. ескертпесі) анықтау үшін жүгіндім. Мені Қазақстан авторлар қоғамына жіберді, – деп жазды ол.

Әңгімелесу барысында мына жайттар анықталды. "KazAK пен Meta келісімі бойынша Instagram қазақстандық әртістердің музыкасын пайдаланғаны үшін қаламақы төлеп келген. Алайда KazAK төлем көлеміне қанағаттанбай, оны көбейтуді талап еткен. Келіссөздер басталды. Келіссөздер жүріп жатқанда, қазіргі келісімнің мерзімі аяқталып, жаңа келісім жасалмаған.

Нәтижесінде, Мета платформалардан KazAK-пен келісімшарты бар барлық қазақстандық автордың музыкасын алып тастады, бұлар көбі – танымал өнер иелерінің әндері. Бұл туралы әншілердің өзіне неге хабар бермегенін сұрадым. КазАК "бұған міндетті емеспіз" деп жауап берді. Сондай-ақ олар Instagram желісінде қазақстандық әндердің қашан қайта қолжетімді болатынын нақты айтпады", - дейді Балтабаев.

Оның айтуынша, бұл жағдай аяқастынан болған.

"Мен KazAK-пен келісімшарты бар бірнеше өнер иесімен сөйлестім. Олардың кейбіреуі серіктестік кезінде қаламақы төленбегенін хабарлады. Оның үстіне, төлем туралы есеп берілмеген. Қазір бір топ әнші мен авторлар тиісті орындарға ұжымдық шағым дайындап жатыр. Мен бұл ақпаратты жоғары басшылыққа бердім. Жақында тексеру басталады. Әзірге Stories бөлімінде "Бұл Саяхат" пен "Бақытыңды табасың" әндерін ұмытуға тура келеді", - деді журналист.