Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.